БҚО-да су қоймасы 58 жылдан кейін жөнделіп жатыр
Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасы 58 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Стратегиялық нысанға Жайық өзенінен су жиналады. Әрі қарай ауыл шаруашылығы қажеттілігіне көлтабандар мен көлшіктерге су жіберіледі. Су қоймасын қайта қалпына келтіру 3 жыл бұрын басталды. Құрамындағы Көшім су каналы толығымен жөнделген. Енді бөгет пен Первомай, Бударин, Киров-Шежін каналдары жөнделуде. Бақылау-өткізу бекеттері салынған. Киров су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген еді. Қойманың сыйымдылығы 63 млн текше метр.
Талғат Қажығалиев, «Қазсушар» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары:
Киров су қоймасының маңызы – каскадты бірінші тұрған су қоймасы. Құрылыс жұмыстарында 50-ден астам адам жұмыс істеп жатыр, техникаларымен. Бүгінгі уақытта жұмыс 76,5 пайызға бітіп тұр. Желтоқсанда тапсырамыз.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03