189 азаматқа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

189 азаматқа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды

27.05.2025

189 азаматқа «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Оның 164-і – магистратура, 10-ы докторантураны әлемнің үздік университеттерінде оқиды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысын өткізді. Стипендия иелерінің басым бөлігі, яғни 73 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта білім алады. Отырыста «Болашақ» бағдарламасын одан әрі жетілдіруге қатысты нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ атом энергетикасы саласына қажетті кадрлар даярлау мәселесі қаралды.

Жанел Өтеулі

Хабарламаларға жазылу