Мемлекеттік сатып алуда 29 млрд теңгенің заң бұзушылығы анықталды
Мемлекеттік сатып алуда 29 миллиард теңгенің заң бұзушылығы анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің мәліметінше, жыл басынан бері заңға қайшы 95 факт тіркелген. Негізсіз шығынның 6,4 миллиард теңгесі бюджетке қайтарылыпты. Ал қалған сома бойынша сатып алу шарттары қайта қаралуда. Биылдан бастап күшіне енген жаңа заң аясында қағаз түріндегі сатып алу алынып тасталып, жемқорлыққа қатысты сотталғандардың тендерге қайта қатысуына тыйым салынды. Жалпы, агенттіктің бастамасымен 2019 жылдан бері 224,7 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаражатының орынсыз жұмсалуына жол берілмеген.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16