Түркістан облысында шаруалар ерте піскен қауындарды экспортқа жөнелте бастады
Түркістан облысы, Жетісай ауданының шаруалары ерте піскен қауындарын экспортқа жөнелте бастады. Күн күрт ысып, егістікке судың уақытылы берілгенінің арқасында диқандар биыл мол өнім алуда. «Қазсушар» мекемесінің мәліметінше, Жетісу ауданындағы 12 мың гектар алқапты суаруға 40 млн текше метрге жуық су берілген. Мәселен Ералиев ауылдық округіндегі диқандардың бірі Әл-Фараби Күзенбаев 50 гектар жеріне қауынның «Нұр-Бакинка» және «Дампера» сорттарын еккен. 70 күнде дайын болған бақша өнімін өзгелерден ерте нарыққа шығарды. Орта есеппен гектарынан 400 центнерден өнім жинап, 100 тонна қауынды Ресейге жөнелтуде.
Әл-Фараби Күзенбаев, диқан:
Көктем ерте келді. Құрғақшылық болды. Қауынды ертерек ектік жылдағыға қарағанда. Сол килограмын 400 теңгеден беріп жатырмыз. Өнім жақсы былтырғыға қарағанда. Қауын ірілеу. Қазір 5 мәшинемен келістік. Екеуін жіберіп жатырмыз.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16