Қырғызстанға инвестиция құйған кәсіпкерлердің құқығы заңмен қорғалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанға инвестиция құйған кәсіпкерлердің құқығы заңмен қорғалады

22.05.2025

Қырғызстанға инвестиция құйған кәсіпкерлердің құқығы заңмен қорғалады. Яғни, салған қаражаты төтенше немесе азаматтық тәртіпсіздік салдарынан құрдымға кетсе, оған өтемақы төленеді. Бүгін Сенат депутаттары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады. Қазақстан Қырғызстанның үшінші ірі сауда серіктесі. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 1,71 млрд АҚШ долларына жетті. Қазақстаннан экспорт шамамен 10 пайызға өсті. Қаражат көлемі 1,3 млрд АҚШ доллар. Ал 2024 жылы 9 айдың ішінде Қырғызстаннан 4,8 млн АҚШ долларға тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Бұл 2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда 18%-ға жоғары.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қаралған келісім екі ел арасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатымен әзірленген. Құжат бір мемлекеттің инвесторларының екінші мемлекеттің аумағындағы инвестициялары үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу