Қазақстандық 9 банк ортақ QR төлем жүйесіне көшеді
Қазақстандық 9 банк ортақ QR төлем жүйесіне көшеді. Бүгін Ұлттық банк осындай мәлімдеме жасады. Бастама жыл соңына дейін іске қосылады. Қазір 9 екінші деңгейлі қаржы ұйымымен келісім жасалған. Олар «Халық банк», «ЦентрКредит банкі», «Freedom Bank», «Altyn Bank», «RBK», «Bereke», «Forte», «Home Credit Bank» және «Нұрбанк». Яғни, осы банктердің кез келгенінің қызметін тұтынатын адамдар бір QR кодты сканерлеп, төлем жасай беруге болады. Бұл банктердің арасындағы аударымдарды да телефон нөмірі арқылы жүргізетін жүйені енгізу жұмыстары жүріп жатыр.
Ерлан Ашықбеков, ҚР Ұлттық банкі департаментінің директоры:
Біз ортақ жүйе құру арқылы банктер арасындағы байланысты орнатамыз. Және клиенттерге жаңа мүмкіндік ашамыз. Жаңа жүйеге банктердің бірігуі, ықпалдасуы нені білдіреді? Біріншіден, клиент өз банкі арқылы кез келген банкке қандай да бір шектеусіз өзінің төлемдерін, аударымдарын жасауға мүмкіндік алады. Тариф мәселесіне келгенде бұл жерде біз банктерге шектеу қойып, олардың тарифін реттеу мүмкіндігін әзірге қарастырып отырған жоқпыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16