Ақтөбеде жүн мен тері өңдейтін ірі зауыт салынды
Ақтөбеде жүн мен тері қабылдайтын ірі зауыт салынды. Ол жылына 2,5 мың тонна шикізат өңдеуге қауқарлы. Құны 6 млрд теңгелік жоба бүгінде толығымен аяқталып, кәсіпорын ғимаратының монтаждық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы айтты. Оның сөзінше, жүн өңдейтін зауыт тамыз айында іске қосылады. Айта кету керек, министрлік жүн мен тері өндіретін шаруаларға да қаржылай қолдау көрсету жағын қарастырып жатыр.
Ермек Кенжеханұлы, Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:
Жүн мен теріні терең өңдеу бағытында қолдау шараларын әрі қарай да тереңдету, дамыту мақсатында қазіргі таңда тиісті мемлекеттік органдармен келісу сатысындамыз. Алдағы уақытта жүн мен теріні тапсырған уақытта субсидиялау тетіктерін әзірлеп, соның келісімін жасап жатырмыз.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16