Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық холдингі кеңесінің отырысы өтті
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық холдингі кеңесінің отырысы өтті. Жиында экономиканың нақты секторын қаржыландыруға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ холдингтің және Қазақстанның даму банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының I тоқсандағы жұмыстары таныстырылды. Отырыс қорытындысында холдингтің инвестициялық саясатын және қаржылық, ұйымдастырушылық бағыттарын жетілдіруге қатысты бірқатар құжат қабылданды.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Қазір холдинг іске асырып жатқан басым міндеттердің бірі – экономиканың нақты секторын қаржыландыру. Экономикаға, еліміздегі бірқатар аса маңызды индустриялық және инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға жоспарланған 8 трлн теңгенің игерілуі қазірдің өзінде 2 трлн теңгеге жақындап қалды. Мен «Бәйтеректің» барлық еншілес құрылымының нақты, үйлесімді жұмыс істеу қажеттілігіне назар аударғым келеді. Холдинг, мемлекеттік капиталдандыру бойынша өз міндеттемелерін орындаған жағдайда экономиканы 8 трлн теңгеге қаржыландыру жөніндегі міндетті орындайтынына сенімдімін.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сарайшықтан теңдесі жоқ жәдігерлер табылды
06.03.2026, 17:37
Семейде «Таза Қазақстан» акциясы балабақшадан басталады
06.03.2026, 17:36
Дәстүрлі өнерді дәріптейтін таланттар Шиеліде қалыптаса бастады
06.03.2026, 17:32
ЖИ білім беру саласының мүмкіндігін кеңейтеді
06.03.2026, 17:30
Үздік ұстаздар марапатталды
06.03.2026, 17:27
Қорғаныс саласында 13 мыңнан аса қыз-келіншек қызмет атқарады
06.03.2026, 17:25
Елімізде 13 мыңдай әйел ғылыми зерттеумен айналысады
06.03.2026, 17:23
Тараздағы студент бір жылда миллионерге айналған
06.03.2026, 17:21