Астанада мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай гала-концерт өтті. Оған елордалықтармен қатар өңірлерден келген мамандар қатысты. Қорытынды жиында мәдениет саласындағы үздіктер марапатталды. Оларға «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы мен Президенттің алғыс хаты табысталды. Мемлекеттік наградаларды Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев тапсырды. Биыл осы мереке аясында үш күндік форум ұйымдастырылып, оған 700-ден астам отандық және шетелдік мәдениет өкілдері қатысқан.
Ермек Көшербаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Бұл күн жәй ғана кәсіби мейрамнан әлдеқайда маңызды. Бұл рухтың, ардың адамгершіліктің салтанаты. Мәдениет ұлттың жаны. Адамды тәрбиелейтін, құндылықты сіңіретін құрал. Сондықтан мемлекет бұл салада адамгершілік пен отаншылдықты насихаттайтын жобаларды ерекше қолдайды.
Біржан Жалғасбаев, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры:
Бұл марапаттың беделі де, жауапкершілігі де өте жоғары. Өйткені бұл марапатқа жетудің өзі де бір үлкен еңбек, жылдар. Сенің қызметің адал өнерге деген жасаған. Ал алғаннан кейін оны алып жүрудің өзі ол оданда жоғары жауапкершілікті талап етеді.
Ернұр Медет
