Шаруалардың субсидия алдындағы қарызы ₸350 млрд-қа жеткен
Шаруалардың субсидия алдындағы қарызы 350 млрд тенгеге жеткен. Бұл биылғы бес айдағы көрсеткіш. Әрине, көңіл көншітпейді. Өзекті мәселені көтерген Мәжіліс депутаты Руслан Қожасбаев, Премьер-Министрге депутаттық сауал жолдады. Руслан Қожасбаев мұндай қарыз көлемі 6 жыл бұрын 36 млрд теңгеден әрі аспағанын мысал ретінде келтірді. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер кәсібін дамыту үшін қарызға белшеден батып жатқанын айтып, мәселені шешу мақсатында нақты ұсыныстарын жолдады.
Руслан Қожасбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Егер бюджетте қаражат жоқ болса, қарыз алушы несиені 22-24 пайыздық мөлшерлемемен төлеуге мәжбүр. Бұл ешқандай бизнес-жоспар көтере алмайтын ауыртпалық.Бұл жағдай тек агроөнеркәсіптік кешенге ғана қатысты емес. Кәсіпкерлер де «Даму» қоры арқылы субсидия кешігіп төленетіне шағымдануда. Олар қаражатты айлап күтуге мәжбүр. Осының барлығы кәсіпорындардың қаржылық жағдайын нашарлатуда
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16