Айман Мұсақожаева Италия ұлттық орденін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айман Мұсақожаева Италия ұлттық орденін алды

27.03.2018

Қазақстанның Xалық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, скрипкашы Айман Мұсақожаева Италия президентінің орден кавалері даңқына ие болды. Мұндай құрмет скрипкашыға екі ел арасындағы мәдениет, білім салаларын нығайтуға қосқан үлесі  үшін көрсетіліп отыр. «Ерен енбегі» үшін орден Италияның ұлттық марапаты болып есептеледі және ол 1951 жылдан бастап беріліп келеді.

Айман Мұсақожаеваға орденді еліміздегі Италия елшісінің өзі табыстады. Марапаттау рәсіміне елшілік өкілдерінен өзге республикамыздың танымал өнерпаздары қатысты. Кеште Айман Мұсақожаева италиялықтарға алғысын айтып, атақты композитор Вивальдидің шығармасын скрипкада ойнап берді. Айта кетейік, биыл қаңтарда Палермо қаласында Айман Мұсақожаева жеке концертін өткізген еді.

Айман Мұсақожаева, Қазақстанның Халық әртісі:

- Бұл орден үлкен әртістерге беріледі. Мен оған лайық болсам, өте ризамын. Ол тек менің табысым емес, біздің халықтың табысы. Сол халықтың арқасында Италия, тағы басқа әлемге шығып, өз өнерімізді көрсетіп жатырмыз. Өзіміздің ұлттық өнерді көрсетіп осындай марапатты алдық.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу