Қызылорда облысында күріш алқабы лазерлік тегістеуден өтті
Қызылорда облысында биыл 60 мың гектарға жуық күріш алқабы лазерлік тегістеуден өтті. Егінге заманауи технологияны пайдалану арқылы аймақ шаруалары маусымдық кезеңде 200 миллион текше метр су үнемдейді.
Өңірде ауа-райына байланысты суару маусымы ерте басталды. Күріштік алқаптарға су жеткізу үшін қазіргі таңда Шардара су қоймасынан секундына 600 текше метр су жіберіліп жатыр. Жалпы жерсерік арқылы егіндік жерлердің тегістігін шығаратын арнайы аппарат алуға министрлік 50 пайызға дейін субсидия төлейді. Бұл әдіс суды үнемді пайдаланумен қатар өнімділікті арттырып, әр гектарынан 70-80 центнерге дейін дәнді дақыл алуға мүмкіндік береді.
Нұржан Нұржігітов, Су ресурстары және ирригация министрі:
Шектеу болған. 200 гектар жер болмаса субсидия төленбейді деген. Шаруа қожалықтары маған айтты, 200 гектар деген шектеуді алып тастаңызшы деп. Біз оны алып тастадық, ауыл шаруашылығы мен солардың ережесіне көлемін көтеріңіздер дедік 25-тен 50 пайызға дейін. Оны да көтердік.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда «Жасыл болашақ» эко саябағы ашылды
04.03.2026, 10:31
Жаңа Конституция жобасы – мемлекеттің жаңа бағыты
04.03.2026, 10:26
Семейде ойын-сауық орталығы өртенді
04.03.2026, 10:10
Қостанайда өңірлік коалиция мүшелері медицина мамандарымен кездесті
04.03.2026, 10:08
Оралда жастар форумына 4 мың студент пен жас маман қатысты
04.03.2026, 10:08
ШҚО-да 13 адам қызылша жұқтырды
04.03.2026, 10:06
Енді алиментті өндіріп алу жеңілдейді
04.03.2026, 10:03
Трамп Испаниямен сауда қатынасын үзетінін мәлімдеді
04.03.2026, 10:02