Таразда жастар қала көшелерін қоқыстан тазартты
Арық, атыздар ішіне жиналған қалдықтарды жинап, қураған ағаштарды бұтады. Белсенділердің күшімен Әйтиев көшесіндегі 1 шақырымнан асатын жол жиегі тазартылды. Санитарлық тазалық жұмыстары тарихи кешендерде де жалғасты. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығының ұжымы «Ақыртас қалашығының» аумағын тазартып, ағаш отырғызды. Жалпы, жыл басынан бері аймақта 350 шақырым канал мен 2,5 мың шақырым көше тазартылды. Ал көктемнен бері 140 мыңға жуық тал егілді.
Айбек Қадыралиев, Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры:
Әрбір ауданның, ауылдың жастары «Тазалық – өзіміздің ауламыздан басталады» деген арнайы жобамызды да қолға алып жатырмыз. Оған облыс жастары, жастар ресурстық орталықтары арнайы атсалысып, осы бір үлкен акцияға өздерінің үлестерін жан-жақты, күнделікті қосуда.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестік қарқынды дамып келеді
10.04.2026, 21:19
Былтыр еліміз IT-қызметтер экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапқан
10.04.2026, 20:44
Аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды
10.04.2026, 20:43
Ақкөлде қалалық стадион аумағы қоқыстан тазартылды
10.04.2026, 20:42
TazaQazBot Telegram чат-ботына 4 мыңнан астам өтінім түсті
10.04.2026, 20:41
Семейде «SuperStar KZ» жобасына үміткерлерді іріктеу өтті
10.04.2026, 20:39
Ұлттың үнбайрағы «Shalqar» радиосына – 60 жыл
10.04.2026, 20:37
ШҚО-да ардагерлер ұйымы есеп беру конференциясын өткізді
10.04.2026, 20:35