Көлік салығын төлемей жүргендер жазалана бастады
Астанада көлік салығын төлемей жүргендер жазалана бастады.
Полиция қызметкерлері мен Сарайшық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бірлескен рейд ұйымдастырып жатыр. Олар міндетті төлемнен жалтарып жүргендерді көше бойында тоқтатып, ескерту жасайды. Қарызы тым көптердің көлігі бірден айып тұрағына жөнелтіледі. Кейін олар салықты, оның өсімпұлын, тұрақтың ақысын төлегеннен кейін ғана көлігін қайтарып ала алады. Сондықтан мамандар халықтың қарызды өз еріктерімен уақытылы жапқаны тиімді дейді.
Руслан Жайкеев, Сарайшық ауданы бойынша Кірістер басқармасының бөлім басшысы:
Астана қаласының тек бір Сарайшық ауданында 30 мыңға жуық жеке тұлғаның 720 млн-дай берешегі бар. Сол себепті қазіргі таңда салық төлеушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Төлемеген жағдайда мәжбүрлі түрде жеке сот орындаушыларына жөнелтіліп, екінші деңгейдегі шоттарының барлығы бұғатталып, көліктері айыппұл тұрақтарына жөнелтілуде.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16