ЖІӨ: Ауыл шаруашылығының үлесі 3,9 пайызға жетті
Ал жалпы ішкі өнімнің өсуінде ауыл шаруашылығының үлесі 3,9 пайызға жетті. Оның ішінде жақсы дамып жатқаны мал шаруашалығы. Ет-сүт өнімдерін өндіру, мал басы санының өсуі салаға оң әсер етуде. Жалпы, былтыр еліміз құны 5 млрд доллардан асатын ауылшаруашылық өнімдерін экспорттаған. Оның – 50 пайызы өңделген, әрі отандық өнім. Қазір өңдеу саласына басымдық берілуде. Инвестиция тарту, экспорттық нарықты жандандыру, жеңілдетілген несиелердің артуы ауылшаруашылық саласын дамытуда. Биылдың өзінде жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша үш жарым мыңға жуық жаңа техника алу үшін келісімшарт жасалған. Өтінім берген шаруалардың саны 2 мыңға жуықтайды.
Олжас Тілебалдин, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі:
Қазір алғаш рет көктемгі дала жұмыстарын кредиттеу 700 млрд теңгеге жеткізілді. Қазірдің өзінде осы көктемгі дала жұмыстары бойынша 7,1 мың ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінім келіп түссе, оның ішінде 6,2 тауар өндірушілері жалпы 393 млрд теңгеге жуық немесе 6 млн гектардан астам алқапты қамтып отырмыз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістанда «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты іс-шарасы өтті
25.10.2025, 18:01
Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша жаңа мектеп ашылды
25.10.2025, 17:33
Мәдениет және ақпарат саласы үздіктеріне мемлекеттік награда табысталды
25.10.2025, 17:32
Президенттің атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті
25.10.2025, 17:32
Н.Ахмедова Әлем чемпионатында қола медаль еншіледі
25.10.2025, 17:30
Алматыда асыл тұқымды тазы иттерінің көрмесі өтіп жатыр
25.10.2025, 17:30
Абай облысында жаңа саябақ ашылды
25.10.2025, 17:30
Қазақстан Республикасы Президентінің үстел теннисінен Халықаралық Ашық Кубогы басталды
25.10.2025, 17:30