Түркияда Ресей мен Украина арасында келіссөздер басталды
Бүгін Стамбұл қаласында Ресей мен Украина делегациясы арасындағы бейбіт келіссөздер басталды. Үш жыл үзілістен кейін кездескен тараптар осы жиында атысты толық тоқтату мәселесін талқыламақ.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Ресей мен Украина делегациясы арасындағы келіссөздер Стамбұлдағы Долмабахче сарайында бүгін түсте басталуы тиіс еді. Алайда, қазір Түркияда сағат үш болды, жиын әлі басталған жоқ. Сарапшылар тараптар келіссөздердің күн тәртібін әлі нақтылай алмай жатқанын айтады. Басында екі жақ соғысты толық тоқтату жайын талқылайды деген ақпарат тараған болатын. Алайда жаңа ғана атысты тек 30 күнге тоқтату мәселесі қарастырылады деген ақпарат тарады. Дәл осы сәттерде Зеленский бастаған Украина делегациясы Анкара қаласында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу өткізіп жатыр. Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер сол жиыннан кейін басталады. Кей сарапшылар осы жиында соғысты тоқтатып, бітімге келу туралы келісімге қол қойылады деп отыр. Себебі Таяу Шығыс елдерін аралап жүрген Америка Президенті Дональд Трамп ертең Стамбұлға келетінін мәлімдеді. Яғни АҚШ президенті екі елдің бітімге келуіне ықпал етеді деген болжам бар.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Италияға 185 миллион турист барған
12.02.2026, 17:37
Павлодарда жалғызілік адамдарға көмек көрсетілді
12.02.2026, 17:35
Алматыда спорттық-экологиялық эстафета өтті
12.02.2026, 17:32
UNICEF «Жасыл мектеп» өңірлік платформасын іске қоспақ
12.02.2026, 17:30
Қарағанды облысында өрт сөндіру бөлімі ашылды
12.02.2026, 17:28
Кәсіпорындарда қауіпсіздік талаптары қатаңдатылады
12.02.2026, 17:26
Ақтөбе облысында жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді
12.02.2026, 17:24
Ким Чен Ын қызын басшылық қызметке дайындауда
12.02.2026, 17:22