Қазақстан мен Гарвард университеті сирек кітаптар мен қолжазбаларды цифрландырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Гарвард университеті сирек кітаптар мен қолжазбаларды цифрландырады

15.05.2025

Қазақстан мен Гарвард университеті бірлесіп сирек кітаптар мен қолжазбаларды цифрландыру жобасын жүзеге асырады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің АҚШ-қа сапары барысында қол қойылған меморандумда айтылған. Жоба аясында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, академиялық алмасулар мен стипендиялар ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, Қазақстандық ғалымдар Гарвардтың кітапхана және архив қорларын пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Бұл бастама Қазақстанның тарихи мұрасын әлемге танытуға және елдің ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған.


Хабарламаларға жазылу