Астанада халықаралық форум өтеді
Астанада 29–30 мамыр күндері өтетін халықаралық форумның маңызы зор. Сарапшылардың айтуынша, бұл жиын тек жаһандық өзекті мәселелерді талқылау алаңы емес, сонымен бірге Қазақстанның халықаралық бастамаларға белсенді қатысуын көрсетеді.
Ерділда Таутенов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ төрағасының орынбасары:
«Қазақстан үшін мұндай форумның пайдасы – халықаралық аренада өзімізді көрсету, мәселелерді шешуге деген ынтамызды білдіру, одан бөлек басқа елдердің бизнес өкілдеріне, инвесторларға біздің елдегі тұрақтылықты көрсетіп, дамуға деген біздің құлшынысымызды көрсетіп, өзімізді паш ету деуге болады».
Форумда геосаяси, әлеуметтік-экономикалық және климаттық мәселелерді шешу жолдары қарастырылады. Сарапшылардың пікірінше, мұндай бастамалар Қазақстанның халықаралық беделін арттырып, инвестициялық тартымдылығын күшейтуге жол ашады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16