Биыл шегіртке жоюға 7,1 млрд теңге бөлінді
Елімізде 2 млн гектардан астам жерге шегіртке тектес зиянкестер таралуы мүмкін. Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға аз. Дегенмен, биыл зиянкестермен күрес шараларына бюджеттен 7 млрд 100 млн теңге бөлінген. Зерттеуге 4 600-дей маман және 440-тан аса арнайы техника тартылып, барлық облыста жедел штаб құрылған. Бүгінге дейін 1,5 млн гектарға жуық жер зерттеліп, 572 мың гектарда шегірткелер анықталды. Жамбыл мен Түркістан облыстарында химиялық өңдеу жүргізілді.
Ермек Кенжеханұлы, Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Жалпы үйірлі шегірткелерге қарсы 443 бірлік арнайы бүркігіш техникалар қолданылады. 239 жер үсті желдеткіш және штангалы бүркігіштер, 100 аэрозольді газ генераторлар, 31 аса жеңіл авиация кемелері, 24 ұшақтар, 49 пилотсыз авиациялық жүйе.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформаға Грекия ғалымдары пікір білдірді
13.03.2026, 17:40
«Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
13.03.2026, 17:39
Жедел жәрдем қызметі ардагеріне құрмет көрсетілді
13.03.2026, 17:38
Мәскеуде қазақ мәдениетінің кеші өтті
13.03.2026, 17:37
Семейде ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды
13.03.2026, 17:35
Иран қалаларындағы шеруге мыңдаған адам қатысты
13.03.2026, 17:33
Пәкістан әуе күштері Кабул мен Қандағарды атқылады
13.03.2026, 17:31
Оқушылардың картасыын кәсіпкерлердің өзі терминалға басып отырған
13.03.2026, 17:29