Аралдықтар көптен күткен аспалы көпір ашылды
Қызылорда облысы Арал ауданында темір жол үстінен өтетін аспалы көпір ел игілігіне берілді. Бұл теңізді өлке тұрғындарының көптен күткен қуанышы.
Арал қаласында бүгінде 40 мыңға жуық халық тұрады. Елді мекенді екіге бөліп тұрған шойын жол арқылы қатынас осы кезге дейін тұрғындарға қауіп туғызып келді. Ал пойыз өткенде өткел жабылып, ұзын-сонар көлік кептелісі қалыптасатын. Енді міне, көптің талап-тілегімен ұзындығы 940 метрді құрайтын жаңа көпір салынып, өзекті мәселе шешімін тапты.
Байнияз Тілепов, аудан тұрғыны:
Осы Арал халқының көптен күткен жұмысы. Өйткені, мектеп оқушылары, автокөлік жүргізушілері мына пойыздың кедергісінен көп кедергі көрді. Сондықтан, мына көпірдің халық үшін, жүргіншілер үшін, оқушылар үшін үлкен пайдасы бар.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09