Биыл 23,7 млн гектар алқапқа дән себіледі
Биыл еліміз бойынша 23,7 млн гектар алқапқа дән себіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі айтты. Соңғы 2 жыл ішінде бидай алқабы 750 мың гектарға қысқарған. Азықтық және майлы дақылдар алқаптары 3,3 млн гектар, күнбағыс алқабы алғаш рет 1,4 млн гектарға жетті. Яғни ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егіс науқанына 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінген. Шаруалар жағармайды нарықтық бағадан 20 пайызға арзан сатып алып жатыр. Министрдің мәліметінше, егіс жұмыстарына техника да толық дайын.
Айдарбек Сапаров, Ауыл шаруашылығы министрі:
Егіс жұмыстарын ерте қаржыландырудың арқасында шаруалар негізгі ресурстарды, яғни тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай мен ауыл шаруашылығы техникасын қолайлы бағамен алып үлгерді.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05