Брюссельде транскаспий халықаралық көлік дәлізінің мүмкіндіктері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде транскаспий халықаралық көлік дәлізінің мүмкіндіктері талқыланды

13.05.2025

Брюссельде өткен бизнес-форумда еуропалық кәсіпкерлер Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы сауда-саттықты арттыру жолдарын талқылады. Транскаспий көлік дәлізі Қытайдан Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия арқылы Еуропаға тауар тасымалдаудың тиімді бағыттарының бірі ретінде қарастырылады.

Еуропалық кәсіпкерлердің айтуынша, бұл дәліз Азия нарығына еуропалық өнімдерді жеткізу үшін де маңызды. Форумда Қазақстанның Еуразиядағы басты транзиттік хаб ретіндегі рөлі жоғары бағаланып, осы мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану қажеттігі айтылды.

Ян Виллемс, Sarens Group компаниясының теңіз операциялары бойынша менеджері:

«Біз «Ақтау», «Құрық» порттарымен жұмыс істейміз. Көтергіш крандарымызды орнатып, жергілікті халықты жұмыспен қамтып, логистика саласында көмек көрсетеміз. Жақында қазақ билігімен жаңа логистикалық орталықтың жұмысын бастау туралы келісімге отырамыз. Орталық дәліз Қазақстанмен және аймақ елдерімен сауданы дамыту үшін өте маңызды».

Н.Қасым

Хабарламаларға жазылу