«Ұлы дала жорығының» үшінші кезеңі аяқталды
Бүгін халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші кезеңі аяқталды. Қорытындысы бойынша ұпай санымен Маңғыстау облысының құрамасы көш бастап тұр. Екінші орында Ұлытау облысының құрамасы келе жатса, Қырғызстанның командасы - үздік үштікте. Осылайша, сәйгүліктер 300 шақырымды бағындырды. Алда әлі 200 шақырым бар. Тұлпарлар бұл қашықтықты 2 күнде жүріп өтеді деп жоспарланған. Ал 19 команданың 10-ы дүбірлі додадан шығып қалды. Бүгін үшінші кезеңнің мәре сызығын бірінші болып Астана командасы кесіп өтті. Жарыс Балқаш, Жамбыл және Іле аудандарының аумағы арқылы өтіп, Қонаев қаласында аяқталады.
Алтай Бимен, Астана командасының жетекшісі:
Дөңнің арасы, жел жоқ. Жел шамалы ғана алдыдан соқты. Бүгін біз жылдамдықты көтерсек деген шешімге келдік. Ойдағыдай келе жатырмыз. Бүгіннен бастап өзіміздің жоспарымыз бар. Сол жоспармен келе жатырмыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XXV қысқы Олимпиада ойындарының кестесі
09.02.2026, 10:24
Қысқы олимпиада: Ұлттық құраманың ойындары
09.02.2026, 10:22
Бүгін қазақ поэзиясының қара нары Мұқағали Мақатаевтың туған күні
09.02.2026, 10:21
Димаштың тележобасы Қытайда 102 млн қаралым жинады
09.02.2026, 10:20
Ақмола облысында жыл соңына дейін 1300 отбасы баспаналы болады
09.02.2026, 10:19
Жаңа Конституцияның жобасы қоғам талқысында
09.02.2026, 10:18
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтеді
09.02.2026, 10:18
Жапонияда парламенттік сайлауда биліктегі либералдық-демократиялық партия басымдықпен жеңіске жетті
09.02.2026, 10:16