Енді, айға барып жатсаңыз, адаспай жүруге болады. Испаниялық технология жер серігіне арналған жаңа навигациялық жүйе әзірлеп жатыр. Ал қытайлық компания жануарлардың тілін түсіну үшін жасанды интеллект қолданбақ.
Қала көшелерін кезуге GPS-і бар карта көмектессе, енді, жер серігі айды да адаспай аралауға жаңа құрылғы көмектеспек. Испаниялық GMV компаниясы ғарыш техникасымен ғарышкерлер ай бетіндегі орынын дереу және дәл анықтауға мүмкіндік беретін технология әзірлеуде. Мұны жүзеге асыру үшін жүйе жерсерігін айналып жүрген спутниктерден GPS-ке ұқсас сигналдарды пайдаланады. Оны сынақтан өткізу үшін жобалаушылар жер бедері айдың бетіне ұқсаған Фуэртевентура аралын таңдаған.
Стивен Кей, жоба директоры:
Бұл технологияның арқасында Еуропа адамзаттың айға баруына мүмкіндік береді. Тіпті Марсты зерттеуге, әрі адам баласының қызыл жұлдызға аяқ басуына жол ашпақ.
ЖИ көмегімен жануарларды түсіну мүмкін болмақ
Ал жануарларды түсінуге жасанды интеллект көмектеспек. Қытайдың Baidu компаниясы, жануарлардың дауысына, қимылы мен мінез-құлқына сүйене отырып, олардың эмоциялық күйін анықтап, адам тіліне аудару үшін жасанды интеллекті пайдалану жолдарын қарастыруда. Бұл технология жануарлар мен адамдар арасында терең эмоционалды байланыс орнатып, түрлі тіршілік иелерінің арасындағы өзара түсіністікті арттыруы мүмкін.
Apple жаңа чиптер әзірлеп жатыр
Apple жаңа чиптер әзірлеп жатыр. Bloomber News хабарлағандай, компания жаңа жобаларды ақылды көзілдірік пен MacBook-тың жаңа модельдері үшін қолданбақ. Ал алып ЖИ нарығындағы бәсекеге төтеп беру үшін Apple өз құрылғыларына жасанды интеллект негізіндегі функцияларды енгізуге күш салуда.
Темірлан Нұржанұлы
