ТЖМ әуе паркі жаңа ұшақпен толықты
Атырау халықаралық әуежайына су жаңа L 410 ұшағы келді.
Көпмақсатты транспортты Төтенше жағдайлар министрлігі әуе паркін жаңарту аясында сатып алған. Ұшақ қолайсыз алаңдарға қонып, 50 градус ыстық пен суыққа төзімді. 19 жолаушы, яғни 1800 келіге дейін жүк көтере алады. Санитарлық авиацияға да бейімделген. Ал экипаж Чехия елінде арнайы оқудан өткен. Енді әуе кемесін орналастыру және оған техникалық қызмет көрсету үшін жуырда ангар құрылысы басталмақ.
Шыңғыс Әрінов, Төтенше жағдайлар министрі:
Осыдан бір жарым ай бұрын, Чехияның Omnipol компаниясынан дәл осындай ұшақты салтанатты түрде Астанада қабылдадық. Бұл – министрліктің авиациялық инфрақұрылымын дамытуда маңызды қадам. Алдағы уақытта Шығыс және Оңтүстік өңірлер тағы екі ұшақпен толығады. Бұл еліміздің төрт аймағында да кез келген төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет етіп, толыққанды авиациялық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған ауықмды іс.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16