Өткен жылы отандық арналарда 40 телехикая түсірілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен жылы отандық арналарда 40 телехикая түсірілген

28.02.2018

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық кеңесінде айтылды. Жиында ұлттық кодты қалыптастырудағы мемлекеттік телеарналардың рөлі талқыланды. Рухани құндылықтарды насихаттау бағытында 131 әлеуметтік ролик, ондаған арнайы жоба мен бағдарламалар көрерменге ұсынылған.

Кеңес мүшелері жалпы арналардағы хабарлар сапасын жақсарту, отандық телеөнімнің үлесін арттыру, жастарға арналған интеллектуалды-ағартушылық бағдарламаларды көбейту, Астанада массмедиа және коммуникация институтын ашу секілді сан алуан ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Айтылған ойлар Үкіметке жолданып, сарапқа салынады. Кеңесте, сондай-ақ, 2016 жылмен салыстырғанда былтыр сериалдардың толық хронометражы 2,5 мың сағатқа көбейгені айтылды.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Президент телеарналардағы сериалдық өнімдердің сапасын арттыру қажеттілігіне тоқталып, массмедиа жастарға патриоттық тәрбие беру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Елбасының тікелей тапсырмасы бойынша министрлік тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2017 жылы министрлік тапсырысымен 40 отандық сериал түсірілді.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу