Биыл шығыстағы шаруалар 618 мың гектар жерге дән сеппек. Бұл былтырғымен салыстырғанда 10 мың гектарға артық. Алқаптың көлемі майлы және дәнді дақылдар мен мал азығын өсіруден үлкеймек. Бүгінге дейін өңірдегі оңтүстік аудандардағы шаруалар ылғал жабу жұмыстарын аяқтады. Енді көкөніс дақылдарын егу үшін жердің қызғанын күтіп отыр. Ал солтүстік аудандарда жұмыс енді қарқын алды. Облысқа көктемгі егіске 74 мың тонна тұқым қажет. Ол толық дайындалып, бүгінге дейін зертханалық тексеруден өтті. Топырақтың құнарлылығын арттыру үшін 61 мың тонна тыңайтқыш дайындалды. Шаруаларға литрі 254 теңгеден 15 мың тонна дизель отыны жеткізілді. Ал биылдан бастап ауыспалы егістікке көшу талабы да күшейді.
Ажар Қажыбекова, ШҚО а/ш басқармасының басшысы:
Бізде егістік болған соң бәрін атқаруымыз керек. Ертеңгі күні бәріне майлы дақылдар егіп кетсек, онда жердің құнарлылығы түсіп кетеді. Сондықтан баланс ұстап отыруымыз керек.
Олжас Керейхан
