Алматы музейінде «Қасиетті Қазақстан» тақырыбында фотокөрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы музейінде «Қасиетті Қазақстан» тақырыбында фотокөрме ашылды

20.02.2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған көрмеге Алматы облысының аумағындағы киелі жерлердің суреттері қойылған. Сондай-ақ, тарихи орындардан табылған деректі материалдар мен сақ дәуіріне жататын құнды жәдігерлер ұсынылған. Мамандардың сөзінше, Алматы маңында халқымыздың өткен өмірінен сыр шертетін рухани байлық өте көп. Бірақ, бұл әлі де жүйелі түрде зерттелмей тұр.

Арнабай Нұржанов, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері:

- Алматы қаласы маңында ЮНЕСКО-ның тізіміне кірген екі ескерткіш бар. Бұлардың барлығы киелі жерлер, археологиялық ескерткіштердің барлығы киелі болып есептеледі. Өйткені, онда темірдің, қоланың, керамикалық заттардың бәрі сол жердегі тұрған халықтардың рухани байлығы туралы мәлімет береді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН 

Хабарламаларға жазылу