Сарапшы: Жаңа мұнай өңдеу зауытын салғанша, ескісін жаңғыртқан тиімді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Жаңа мұнай өңдеу зауытын салғанша, ескісін жаңғыртқан тиімді

06.05.2025

Қазақстан мұнайды терең өңдеп, зауыттардың қуатын арттырады. Ол үшін ұзақмерзімді стратегиялық жоспар әзірленді. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2030 жылға дейін Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаттылығы жылына 6-дан 12 млн тоннаға дейін жеткізілмек. Павлодардағы зауыт жылына 5,5 млн тоннадан 8 млн тоннаға дейін, ал Атыраудағы зауыт 2030 жылға дейін жылына 7 млн тоннаға дейін қара алтын өңдеуге қауқарлы болады. Сондай-ақ қуаттылығы жылына 10 млн тонна болатын тағы бір жаңа мұнай өңдеу кәсіпорнын ашу жоспарда бар. Ол 2050 жылға дейін ішкі нарықты қамтып, Орталық және Оңтүстік Азия елдеріне экспорт жасауға мүмкіндік береді. Бірақ сарапшылар алдағы 10-20 жылда жанармайға деген сұраныс төмендеп, жаңа зауыт өз құнын ақтамауы мүмкін деген болжам айтты.

Абзал Нарымбетов, сарапшы:

Соңғы 5-10 жылда 3 мұнай өңдеу зауытына салынған қаражат пен мерзімі қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсетеді. Әрине, ол белгілі бір мөлшерде өнімін, қуатын арттырды. Қазіргі таңда бізде бензинге деген дефицит азайды. Бұдан кейінгі стратегия, менің түсінгенім, жаңа мұнай зауытын салғанша, аз-аздан болса да, сол 3 зауыттың қуатын көбейту керек. Себебі жаңа мұнай өңдеу зауытына көп қаражат кетеді, көп уақыт кетеді. Және ол біткен кезде ол қаншалықты керек болады?

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу