Алматыда «Менің пірім - Сүйінбай» атты жас ақындардың республикалық айтысы өтті. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына арналған сөз додасына 54 ақын қатысты. Елдің 28 жоғарғы оқу орнынан жиналған арқалы ақындар қоғамдағы түрлі мәселелерді ортаға салды. Қағытпа қалжыңдар мен орамды ойлар айтып, «Алатау» дәстүрлі өнер театрына лық толған көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Шара соңында жеңімпаз атанған айтыскер 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық алды. Ал, қалған қатысушыларға да 200 мың мен 50 мыңның арасында арнайы жүлделер берілді.
Жанатбек Ішпекбаев, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің проректоры:
- Айтыс өте тартымды, қызықты болып өтіп жатыр. Бұл айтыста қазылар алқасының төрағасы Жүрсін Ерманов. Екі жылда бір рет өткізіп отырамыз. Осының алдында бір рет өткізгенбіз.
Амангелді СЕЙІТХАН