78 мыңнан астам астаналық шетелге шыға алмай қалуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

78 мыңнан астам астаналық шетелге шыға алмай қалуы мүмкін

06.05.2025

Салық төлеуден жалтарып жүрген 78 мыңнан астам астаналық шетелге шыға алмай қалуы мүмкін. Олардың мемлекетке берешегі 3,5 миллиард теңгені құрайды. Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, қарыздың басым бөлігі — көлік салығына тиесілі. Ал төленбей отырған мүлік салығының жалпы сомасы 292 миллион теңгеге жеткен.

Айта кетейік, қарыздың бар-жоғын e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Ал елден шығуға уақытша шектеу қойылғандардың тізімін Әділет министрлігінің сайтынан көруге болады.

Жанель Өтеулі

Хабарламаларға жазылу