Қазақстанда 62 жаңа мамандық пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 62 жаңа мамандық пайда болды

05.05.2025

Елімізде дефектолог, логопед секілді ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар көбейеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев айтты. Биылғы оқу жылына инклюзия мамандары үшін 656 грант бөлінген. Одан бөлек, жаңадан 62 мамандық қосылған. Олардың қатарында «Арнайы педагогика», «Инклюзивті оқыту», «Эрго-педагогика» секілді бағыттар бар.

Жанель Өтеулі


Хабарламаларға жазылу