«Риддер ЖЭО» жөндеуге үкімет резервінен 1,7 млрд теңге бөлінді
Шығыстағы Риддер жылу электр орталығын жөндеуге 1,7 млрд теңге бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру барысында, қаражат Үкімет резервінен бөлініп отыр. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Осы құжатқа сәйкес Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне қажетті қаражат аударылады. Жалпы екі жылда Риддер ЖЭО-ға Үкімет резерві мен облыс бюджетінен 15,5 млрд теңге бағытталды. Қазандықтар мен турбиналарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Осылайша, бөлінген қаражаттың арқасында Риддер қаласының жылу электр орталығын алдағы жылыту маусымына уақтылы әрі сапалы дайындауды қамтамасыз етеді.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16