«Алтын виза» бағдарламасы іске қосылды
Енді шетел азаматтары Қазақстанда 10 жылға дейін тұра алады. Осы мақсатта «Алтын виза» бағдарламасы іске қосылды. Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, ыхтиярхат алу үшін арнайы талап бар. Нақтырақ айтқанда, елімізге келуге ниетті шетелдік Қазақстан экономикасына 300 мың доллар инвестиция құюы тиіс. Инвестициялық виза электронды өтініш арқылы рәсімделеді. Үкімет мұны: шетелдік инвесторларды көптеп тартып, елге қаржы мен жаңа технология әкелудің әрі олармен ұзақ уақытқа серіктес болудың жолы деп отыр. Айта кетейік, «алтын визаны» Еуропа, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері, Сингапур сияқты елдер бұрыннан қолданады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16