Орал Таңсықбаев туындылары мұражайда сақтаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал Таңсықбаев туындылары мұражайда сақтаулы

30.04.2025

Қарақалпақ елінің астанасы Нөкістегі мемлекеттік көркемөнер мұражайында қазақтың көрнекті суретшісі Орал Таңсықбаевтың 300-ге тарта картинасы сақтаулы.

Бұл туындылар алыс-жақын шетелден келетін саяхатшылардың зор қызығушылығын тудырып отыр. «Сахарадағы лувр» деген атпен әлемге танымал мұражай осыдан 60 жыл бұрын суретші Игорь Савицкийдің бастамасымен құрылған. Ал Орал Таңсықбаев көзі тірісінде суретшімен жақын шығармашылық байланыста болған. Нөкістегі мұражайдан бөлек, қылқалам шеберінің Ташкентте мұражай-үйі бар. Мұнда 150-ден астам картинасы қойылған, тұтынған заттары да сол күйі сақтаулы. Ташкенттегі қазақ отбасында дүниеге келген Орал Таңсықбаев Орталық Азияны аралап, әсем табиғатты сан түрлі бояумен кенепке түсіріп, ғажап өнер туындыларын қалдырды.

Гүлшира Кенжебекова, мұражайдың бас маманы:

Жергілікті халықты өзгеше табиғат көркемөнер айрықша тартады. Сондай-ақ оның қарақалпақ колөнері үлгілері болады. Жоғалып бара жақтқанын байқап, оларды жинауды бастаған.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу