Ұлттық қордағы салықтық түсім 16 пайызға азайған
Ұлттық қордағы салық түсімі 16 пайызға азайған. Бұл былтырғы жылдың көрсеткіші. Яғни кіріс 740 млрд теңгеге кем. Бұл жөнінде Сенатта өткен жиында мәлім болды. Басқосу Ұлттық қордағы қаражатты тиімді басқаруға арналды. Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлім еткендей, Ұлттық қорға 2024 жылы 6,2 трлн теңге түскен. Оның жартысынан көбі салықтан жиналған қаражат. Қорға 118 ұйым тікелей салық төлеген. Вице-министр былтырғы жылы салық түсімінің азаюын әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуімен байланыстырды.
Дәурен Темірбеков, ҚР Қаржы вице-министрі:
2023 жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер 740 млрд теңгеге немесе 16%-ға азайды. Мұнайға әлемдік баға төмендеуі кезінде түсімдер азаюының негізгі себебі мұнай өндіру көлемінің 2,3 миллион тоннаға және мұнай экспортының көлемі 1,3 миллион тоннаға азаюы болып табылады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16