Электрондық сауданы дамыту экспортты артыруға әсер етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электрондық сауданы дамыту экспортты артыруға әсер етеді

29.04.2025

Қазақстанның тауар айналымы өткен жылы 141,4 млрд долларға жетті. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,3% артық. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтылды. Қазір шикізаттық емес тауарлардың экспорты басты назарда. Бұл салада шамамен 12% өсім байқалады. Қазір сыртқы сауда инфрақұрылымын дамыту үшін, Қорғас, Каспий, Еуразиялық және басқа да тораптар сияқты трансшекаралық хабтарды құру және дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ цифрлық платформаларға көшу қарқын алды. Мәселен өнімдерді Alibabа, Europages, Noon және TikTok Shop сияқты платформаларда сату тәжірибесі енді. Статистикаға сенсек, 2029 жылға қарай әлемдегі онлайн сатып алушылар саны 3,6 млрд адамға жетеді. Сондықтан электронды сауданы дамыту маңызды, - деді брифингке қатысушылар.

Бауыржан Болғанисов, Сауда және интеграция министрлігінің Департамент директоры:

Атап айтқым келетіні, осы 2024 жылы Қазақстан алғаш рет өзінің тауарларын Мавритания, Лаос, Ямайка, Габон және Зимбабвеге экспорттай бастады. Сондай-ақ Қазақстанның елшіліктерінде, 5 мемлекетте біз Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері тағайындалды. Сонымен қоса, қазір біз Қытай нарығында өте қарқынды жұмыс жасаудамыз. Нянкин қаласында үлкен павильонымыз бар. Экспорттаушыларға айтқым келетіні, өз өнімдеріңізді Нянкин қаласындағы павильонға қойып, көрсетсеңіздер болады. 

Ақниет Балтанова 

Хабарламаларға жазылу