К.Мәсімовтың үйі Астана әкімдігінің меншігіне өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

К.Мәсімовтың үйі Астана әкімдігінің меншігіне өтеді

29.04.2025

Астанадағы Кәрім Мәсімовтың тәркіленген үйі әлеуметтік мақсатта пайдаланылатын болды. Экс-шенеуніктің баспанасы тәркіленгеннен кейін 3 рет бәссаудаға шығарылған. Бірақ сатып алушы табылмады. Зәулім сарай Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталғаннан кейін мемлекет меншігіне өткен.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Астана қаласы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі 1 үй. Тура осы. Бұған дейін 3 рет сатылымға шыққан. Алғашында бағасы 1 млрд 883 млн теңгеден асты. Осы бағамен 2 рет сатылымға шықты. Өтпеді. Одан соң қайтарылған активтерді басқару компаниясы оның құнын 282 млн теңгеге арзандатып, 1 млрд 600 млн теңгеге тағы да сатылымға қойып көрді. Сатып алушы тағы да табылмады. Кейін Астана қаласының әкімдігі бұл ғимаратты әлеуметтік қажеттілігіміз үшін бізге керек деген ресми сұрау жолдады. Қазір бұл үй электронды сату порталынан алынып тасталды. Дегенмен, қазір бұл жерде күзетшілер болуы мүмкін. Барып көрейік.
Менің есімім - Оңғар. Ұлттық арнадан журналиспін. Ішіне кіріп түсіруге мүмкіндік болмай ма? Кіруге рұқсат жоқ па?
Жоқ.
Қазір иесі кім бұл жердің?
Білмеймін.
Сіздер жалдамалы компаниядансыз ба?
Иә, күзет компаниясы. 
24 сағат қоршауда, күзеттің астында тұр ма?
24 сағат.
Мына жерден түсірсек болмай ма іш жағын?
Аумаққа мүлде кіруге тыйым салынған. 
Ешкім тұрмайды, иә?
Ешкім тұрмайды.
Үй бос тұр ма? 
Бос тұр.
Күзетші өз басшылығынан рұқсат сұрауымызды өтінді. Біз хабарласып көрдік.
Басшылармен ақылдасайын. Қауіпсіздікке жауап береміз ғой. Сосын сізге айтып жіберемін.

Дегенмен, қайта хабарласқан күзет фирмасының өкілі түсірілімге рұқсат берілмейтінін айтты.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Біз үйді барлық жағынан толық айналып келе жатырмыз. Осындай биік қоршаумен қоршалған. Биіктігі 3 метрден асады. Яғни ішінде не орналасқанын сыртынан түсіру мүмкін емес. Дегенмен үй тәркіленген кезде жарияланған ақпарат бойынша бұл үйдің аумағында 2 үлкен жер телімі бар. Бірнеше автокөлік қоюға арналған автотұрақ бар. Үйдің ішінде бассейн, караоке залы, жаттығу залы, бильярд залы бар және 900-ге жуық жиһаз, яғни зат тәркіленген. Олардың ішінде құнды заттар, монеталар, қару-жарақтың макеттері және өзге заттардың бар екені айтылған. Олардың барлығы қазір осы үйдің ішінде сақтаулы тұр.

Енді бұл нысанды әрі қарай пайдалану мәселесі жергілікті атқарушы органның сұрауына орай, заңды тәртіппен шешіледі.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу