Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 10% өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 10% өсті

24.04.2025

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 10% өсті. Осы жылдың I тоқсанында аталған көрсеткіш 17% асты. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының XII форумында айтылды.

Алдағы жылдарға да ауқымды жоспарлар бар. Қазірдің өзінде аталған салаға Қытай инвестиция құюға әзір. Шетелдік инвесторларды елдегі машина жасау саласының әлеуеті қызықтырып отыр. Мәселен Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі машина жасау саласының үлесі соңғы бес жылда 13-тен 19 пайызға дейін өсті. Былтыр өндіріс көлемі 4,6 триллион теңгеге жетті. Жаңа өнім түрлері шығарылып, тауар экспорты да айтарлықтай артты. Ел нарығына ауыл шаруашылығы техникаларын, автобустар, жеңіл және жүк көліктерін жасайтын жаңа компаниялар келді. Осылай деген Премьер-министр Олжас Бектенов президенттің құттықтау хатын оқып, форум қатысушыларына сәттілік тіледі. Айта кету керек, халықаралық шара екі күнге жалғасады.

Олжас Бектенов, Премьер-министр:

Машина жасау ісін одан әрі өркендете түсу үшін жергілікті өндірістің үлесін арттыру және озық технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні жаппай енгізу қажет. Сонымен қатар жұмысшыларға жайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, білікті мамандар даярлауға және олардың біліктілігін көтеруге жете көңіл бөлу маңызды. Еліміздің машина жасау саласы бүкіл экономикамызды өркендетуге тың серпін беру үшін өз әлеуетін толық іске асыра алады деп сенемін.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу