Премьер-Министр «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесін өткізді
Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» директорлар кеңесінің отырысы өтті. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, қазіргі уақытта жалпы құны 36,4 трлн теңгені құрайтын 46 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олардың қатарында полиэтилен өндірісі, күкірт қышқылы зауыты, «Мойынты – Қызылжар» теміржол желісі, Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты және еліміздің оңтүстік аймағындағы электр желілерін нығайту жобалары бар. Премьер-Министр қор басшылығына және жауапты министрліктерге жобалардың Қазақстан инфрақұрылымына, энергетикасына, көлік логистикасына, өнеркәсіптік дамуына жанама әсерін ескере отырып, олардың уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16