Елдімекендердің 62 пайызы газбен қамтылған
Қазақстандағы елдімекендердің 62 пайыздан астамы табиғи газбен қамтылған. Яғни 12 млн 600 мың адам үйлерінде көгілдір отын тұтынып отыр. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов осылай деді. Биыл елдімекендерді газдандыру үшін 112,5 млрд теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта «Бейнеу – Бозой – Шымкент», «Ақтөбе – Қостанай», «Талдықорған – Үшарал» сияқты магистральдық газ құбырларының құрылысы қолға алынған. Олар газ өндірілмейтін аймақтарды тұрақты түрде қамтамасыз етіп тұруға жетеді. Министрдің мәліметі бойынша елімізде газ тапшылығы жоқ. Тұтыну мөлшері жыл сайын өсетінін ескере отырып, тағы да 3 ауқымды жобаны бастадық, дейді ол.
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:
1 млрд текше метр газ өңдеу зауыты ол Қарабатанда. Екінші 2,5 млрд газ өңдеу зауыты және үшінші жоба 4 млрд текше метр газ өңдеу зауыты ол Қарашығанық кен орындарында. Осы қосымша зауыттар бізге келешекте бізге қосымша тағы газ береді деп жоспарлап отырмыз.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05