Каспий теңізін зерттеу мақсатында құрылған институтты қаржыландыруға 1,8 млрд теңге қажет. Бір жыл бұрын құрылған интституттың қаржы мәселесі әлі шешілмеген. Ал, жоспар бойынша бұл жерде 91 маман жұмыс істейді. Кеңсе Ақтау қаласында орналасады. Бұл жөнінде Экология және табиғи ресурстар вице-министрі мәлім етті.
Мансұр Ошурбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі:
Алайда осы уақытқа дейін институттың қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ. Осыған байланысты, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қаржы министрлігіне 2025 жылға Каспий теңізі институтының жұмысын іске қосу үшін Үкімет резервінен 1,8 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуге өтініш жолдады. Аталған мәселе бойынша Үкіметтің шешімі күтілуде.
Бүгін Мәжілісте Каспий теңізінің тартылуы, ластануы, флорасы мен фаунасын сақтау бойынша барлық проблема талқыланды. Экологиялық апат тек біздің елге ғана қатысты емес. Каспийдің аумағы Қазақстаннан бөлек, Ресей, Әзірбайжан, Иран, Түркіменстан яғни, 5 мемлекетке тиесілі. Каспий маңындағы бес мемлекеттің өкілдеріне осы Мәжіліс комитетінің жұмыс тобы дайындаған қорытындыларды одан әрі іске асыру ұсынылады. Бұл Тегеран конвенциясы шеңберінде жүзеге асады.
Самал Қабышева
