Израиль мен «Хамас» соғысын тоқтатудың жаңа жобасы ұсынылды
Қатар мен Мысыр Израиль мен «Хамас» арасындағы қарулы қақтығысты тоқтатуға бағытталған жаңа жоспар ұсынды. Мұны «Би-Би-Си» хабарлады. Бастамаға сай соғысушы тараптар арасында 5 жылдан бастап 7 жылға дейін бітім көзделген. Сонымен бірге палестиналық тұтқындарға айырбас ретінде кепілдегі израильдіктерді босату, соғысты ресми тоқтату және Израиль әскерін Газа секторынан шығару пункттері бар. «Хамас» делегациясы Каирге кеңесуге бармақ. Ал Израиль әзірге үн қатпады. Бірнеше күн бұрын палестиналық қарулы топ Израильдің 6 апталық бітім жасау туралы ұсынысын қабылдаған жоқ. Ал сенбіде Израиль «Хамас» жойылғанға дейін соғысты тоқтатпайтынын мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Италияға 185 миллион турист барған
12.02.2026, 17:37
Павлодарда жалғызілік адамдарға көмек көрсетілді
12.02.2026, 17:35
Алматыда спорттық-экологиялық эстафета өтті
12.02.2026, 17:32
UNICEF «Жасыл мектеп» өңірлік платформасын іске қоспақ
12.02.2026, 17:30
Қарағанды облысында өрт сөндіру бөлімі ашылды
12.02.2026, 17:28
Кәсіпорындарда қауіпсіздік талаптары қатаңдатылады
12.02.2026, 17:26
Ақтөбе облысында жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді
12.02.2026, 17:24
Ким Чен Ын қызын басшылық қызметке дайындауда
12.02.2026, 17:22