Алматыда таксисті ұрған жолаушы үстінен қылмыстық іс қозғалды
Алматыда такси жүргізушісіне қол көтерген жолаушының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы полиция Департаменті хабарлады. Көлік ішінде темекі шекпеуін өтінген жүргізушіні артқы орындықта отырған ер адам балағаттап, бетінен ұрып жіберген. Жолаушының мұндай әрекетінен кейін, такси жүргізушісі оларды діттеген жеріне жеткізуден бас тартқан. Алайда ер адам одан сайын ашуланып, дөрекілік көрсеткен. Көліктегі әңгіменің бейнетаспаға жазылып жатқанын байқаған соң ғана, екі жолаушы түсіп кетуге мәжбүр болған. Аталған оқиғаға байланысты ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жолаушылар іздестіріліп жатыр.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік студенттер қағаз қалдықтарын «Мона Лизаға» айналдырды
23.01.2026, 13:24
БҚО-да ЖИ-ге негізделген үш стартап жоба нарыққа шықты
23.01.2026, 13:21
Оралда әскери-патриоттық форум өтті
23.01.2026, 13:18
Құрылтайда көтерілген мәселелерді шешуге әйелдер де кірісті
23.01.2026, 13:15
Конституциялық реформа – саяси жаңғыруға бастар жол
23.01.2026, 13:12
Жапония парламентінің төменгі палатасы таратылды
23.01.2026, 13:06
Италиядағы дауыл €1 млрд шығынға ұшыратты
23.01.2026, 13:03
Күн райына байланысты 15 аймаққа ескерту айтылды
23.01.2026, 13:00