Шығыс Қазақстан облысындағы 7 жоғары оқу орны мен колледж студенттері зауыттарда өндірістік тәжірибеден өтіп жүр. Бұл игі іске өңірдегі студенттер ассамблеясы ұйтқы болды. Студенттерден құрылған топ мектептерге де барып, жас түлектерге техникалық мамандықты таңдауға кеңес береді. Өңірде дуалды оқыту жүйесі жақсы жүзеге асуда. Соған сәйкес, 400-ден астам кәсіпорын 5 мың студентті тәжірибеден өткізуге дайын. Олар оқуды аяқтаған соң бірден жұмысқа орналасады. Нәтижесінде жергілікті жердегі ірі кәсіпорындарда кадр резервін қалыптастырады. Қазірдің өзінде 2-курс студенттері өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр. Аймақта 56 мамандық түрін жедел оқытатын өндіріс алаңдары жабдықталған.
Берік Сәрсеков, ШҚО «Ассамблея жастары» ҚБ төрағасының орынбасары:
Жұмысшы мамандықтар жылында бізде Студенттік ассамблеямен қазір үлкен жұмыстар өткізіліп жатыр. Себебі олардың ішінде бізде техникалық студенттер бар. Яғни, дәл осы жылы дәл осы мамандықтарда оқитын студенттеріміз бар. Сондықтан солар арқылы осындай түрлі семинар-тренингтер, шеберлік сағаттарын өткізіп жатырмыз. Себебі ол жастар арасында жұмысшы мамандықтар жылы өзінің бір дұрыс деңгейін көрсету үшін көмегін береді деп ойлаймыз.
Олжас Керейхан
