Қызылорда облысында күріш егу басталды
Қызылорда облысында күрішшілер егін маусымына кірісті. Шиелі ауданының диқандары алғаш болып алқапқа дән септі. Биыл өңірде шамамен 86 мың гектар жерге күріш егу жоспарланып отыр.
Аймақта тұқым себу жұмыстары мамыр айының соңына дейін жалғасады. Көктемгі науқанға 10 мың тонна арзан жағармай бөлінген. Жалпы, маусымдық кезеңде егіс көлемін тұрақты суаруға 3,8 миллиард текше метр аяқсу қажет, дейді сала мамандары. Сондықтан шаруашылықтар жаңашылдыққа бет бұрып, суды барынша үнемді пайдалануға әрекет етіп жатыр. Мәселен, Бидайкөл ауылының диқандары биыл күрішті көшетпен отырғызуды тәжірибеден өткізбек.
Талғат Байдалиев, шаруашылық төрағасы:
Технология өзгеріп жатыр ғой. Дрон әкеліп жатырмыз. Қазір көшет егетін тракторлар әкеліп, жұмыс істеп көріп жатырмыз. Басқа дамыған елдердің жақсы технологияларын алып, соны өз ыңғайымызға қарай пайдалануға, мүмкіндігін сынап көруге жұмыс істеп жатырмыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05