«Астана балет» театры Нью-Йоркте өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана балет» театры Нью-Йоркте өнер көрсетті

18.01.2018

Нью-Йорктегі кездесулерден кейін Нұрсұлтан Назарбаев Линкольн орталығында өткен «Қазақстан Астана Балет Гала» концертіне барды. Театр ұжымы Америка халқына «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында арнайы бағдарлама ұсынды. Бұл жобаға «Арулар», «Ақ қыз», «Әсемқоңыр» хореографиялық миниатюралар, «Щелкунчик» балетіндегі адажионың классикалық редакциясы және басқа да қойылымдар енген. Мәдени шараға Қазақстан азаматтары мен жергілікті тұрғындар қатысып, кештен естен кетпес әсер алды.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу