Қытайда 10G желісі іске қосылды
Қытайдың Сюнъань жаңа ауданында әлемдегі алғашқы 10 гигабит жылдамдықтағы интернет желісі іске қосылды. Арнайы өлшем нәтижесі бойынша, интернеттің жүктеу жылдамдығы 10 000 Мбит/с-қа жуықтаған. Ал жауап беру уақыты небәрі 3 миллисекунд. Мұндай жоғары көрсеткішке 50G PON технологиясының арқасында қол жеткізді. Бұл енді 8K сападағы бейнероликтерді көру, қашықтан жұмыс істеу және үлкен көлемді мәліметтерді өңдеу секілді қызметтерді еш кедергісіз атқаруға мүмкіндік бермек. Бүгінде Қытай билігі ел аумағында 10G желісін енгізуге бағытталған 168 пилоттық жобаны бекіткен.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Қазақстанда су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12