Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлер қоры 94000 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлер қоры 94000 мыңнан асты

09.01.2018

Ашылғанына 80 жыл болған Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлер қоры 94000 мыңнан асты. Музей экспозициялары археология, этнография, XII-ХХ ғасырлардағы өлке тарихы, мәдениеті мен әдебиет, сондай-ақ, қазіргі заманғы тарих жайлы сыр шертеді. Былтыр өлкетану музейін 92 000 мың адам тамашалаған.   

Рашида Харипова, Атырау облысы тарихи-өлкетану музейінің басшысы:

- Келушілердің санын көбейтуге үлес қосқан біздің биылғы жылғы халықаралық «ЭКСПО» көрмесінде өткен екі бірдей көрмеміз. Өлкемізде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи қорық-музейінің қорынан ұйымдастырылған көрме және музейдің қорынан Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында өткізілген жылжымалы көрмелеріміз болып отыр.

 

Ж. ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу