Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған республикалық фестиваль өтті. Бұған дейін өңірлік кезеңде Қазақстан халқы Ассамблеясының мыңға жуық шығармашылық ұжымы бақ сынады. Қорытынды гала-концертке 250-ге жуық өнерпаз қатысып, халық әндері шырқалды, ұлттық би биленіп, дәстүрлі күйлер орындалды.
Екі күнге созылған фестиваль аясында вокал, би және ұлттық аспаптар бойынша шеберлік сыныптары, дәрістер мен шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды. «Халық әні», «Халық биі» және «Халық аспаптары» номинациялары бойынша үздіктер анықталды. Абай облысынан келген «Асыл әжелер» ансамблі көрермен ықыласына бөленді.
Қарлығаш Тілекова, «Асыл әжелер» ансамблінің мүшесі:
Біз «Демімай-ау» әнін әкелдік. Жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймыз. Әжелер өздері тараптарынан қазақи дәстүрге осылай үлес қосып жатыр. Әжелеріміздің ескі әндерінің бірі. Еленбей қалған сол әндерді жақсылып орындап шықтық. Осындай шараны ұйымдастырып жатқан осы ел ағаларына көп рахметімді айтам.
Құралай Түспекова, ҚХА шығармашылық ұжымдары қауымдастығының төрағасы:
Фестивальда 3 номинация бойынша «Халық әні», «Халық биі» және «Халық аспаптары ». Осы 3 бағытта 2 жас санаты бойынша, 10-18, 18-ден жоғары жастар, шығармашылық ұжымдар және жеке орындаушылар қатысты.
Динара Жарқынбек
